ҚТЖ басшылығы ШҰАА (ҚХР) Коммунистік партиясының хатшысымен кездесу өткізді

2023 жылғы 17 наурызда Үрімшіде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшылығының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) Коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырзамен кездесуі болып өтті.

Тараптар теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқынын атап кетті. Өткен жылы өсім 14,5%, ал ағымдағы жылдың алғашқы екі айында өсім 30% құрады, оның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1,6 есеге өсті.

Кездесуде көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері: Бақты-Тачэн үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы, Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективаларыі талқыланды.

ШҰАА басшылығы Үрімші қаласында ҚТЖ терминалын құруды қолдайды және Алматы агломерациясында барлық қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар сауда хабын құру жобасына қолдау білдірді. Ынтымақтастықты күшейту үшін Тараптар кездесулерді тұрақты негізде өткізуге келісті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1835 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить