Үсік жүреді, жаңбыр жауады: 21-23 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Қазақстанда 21-23 қыркүйек аралығында күн салқындайды, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш күнде батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады. Елдің солтүстігі мен шығысында екпінді жел тұрып, жауын-шашын болады.

Батыста түнде 3-17°C, күндіз 12-28°C жылы болады. Солтүстік-батыста түнде 0-7°C жылы болады, 3°C үсік жүреді, күндіз 8-23°C жылы болады.

Болжамға сәйке, солтүстікте түнде 0-5°C жылы, 3 градус үсік жүреді, күндіз 6-11°C жылы болады.

Орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5°C жылы, 3 градус үсік жүреді, күндіз 6-16°C жылыны көрсетеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15°C, күндіз 17-28°C жылы болады.

Мегаполистегі ауа райы

Алматыда 21 қыркүйекте күн ашық, күндіз ауа температурасы +24°C, түнде +12°C көрсетеді. 22-23 қыркүйекте күн алабұлтты болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +12°C, күндіз +21…+23°C болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 21-22 қыркүйекте күн бұлтты, ауа температурасы түнде +2…+3°C, күндіз +8…+9°C болады.

23 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температуасы түнде +3°C, күндіз +7°C болады.

Шымкент қаласында 21 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы түнде +13°C, күндіз +27°C болады. 22 қыркүйекте күн бұлтты, жаңбыр жауады, түнде +12°C, күндіз +26°C жылы.

Ал 23 қыркүйекте күн ашық, ауа температурасы түнде +11°C, күндіз +28°C көрсетеді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1437 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить