БҰҰ Алматыда Ауғанстанға көмек көрсететін хаб құруды мақұлдады – СІМ

Қазақстан билігі Алматыда Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету хабын ашу бастамасын көтерген болатын. БҰҰ бұл идеяны мақұлдады, Sputnik деп хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов хаб құруды ұсынған болатын. Ол жерде Ауғанстанға көрсетілетін халықаралық гуманитарлық көмек сақталып, үлестірілетін болады.

"Қазақстан бастамасы БҰҰ ресми өкілдерінің алдын ала оң бағасын алды. Бүге-шүгесі барлық тараппен келісілгеннен кейін жан-жақты талқыланатын болады", — делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің РИА Новости сұрауына жауабында.


Ведомство бұл идея Ауғанстанда гуманитарлық апаттың алдын алу бойынша әлем қауымдастығына қолдау көрсетуге бағытталғанын хабарлады.

"Бұл хаб Ауғанстан экономикасы құлдырауының, босқындар легінің артуының және өзге гуманитарлық салдардың алдын алуға сеп болар еді. Ауғанстанға көмек үлестіретін халықаралық орталыққа айнала алады", — деді министрлікте.

Министрлік көлік логистикасы тұсынан да Алматы ыңғайлы орналасқанын атап өтті (ұшақпен Кабулға дейін 3 сағаттан аз). Бұған қоса, транзиттік хаб ұйымдастыруға қажетті инфрақұрылым бар.

Ауғанстандағы жағдай


Тамыздың басында "Талибан" Ауғанстанның үкіметтік күштеріне қарсы шабуылды үдете түсті. 15 тамызда тәлібтер ел астанасына басып кіріп, президент сарайын өз басқаруына алды. Ал 16 тамызда Ауғанстанда соғыс аяқталғанын және билік түрі жақын уақытта белгілі болатынын жариялады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
894 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить