Ақмола облысы жылыту маусымына дайын
Алдағы 2021-2022 жылғы жылыту маусымына дайындық биыл ерте басталды. Мамырдың 1-де басталған дайындық жұмыстары қазіргі кезде аяқталу сатысында, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, жылыту маусымын сәтті өткізу үшін барлық 663 қазандық дайындалып, жөнделді.
75,1 км жылумен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Барлық әлеуметтік нысандар, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ 2520 тұрғын үй жылыту маусымына толықтай дайын.
Облыс орталығының тұрғындары жылыту маусымының сапалы ойдағыдай болуына алаңдаушылық білдірді.
Өйткені, жылу тұтынушылардың басым көпшілігі тұрғындар.
«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорынан атап өткендей, РК-1 және РК-2 бойынша жұмыстардың жалпы орындалуы 100 пайызды құрады. Осы екі жылумен жабдықтау объектілерінде жалпы станциялық жабдықтарға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді, қыздыру беттерінің құбыр блоктарын ауыстыру және басқа да жұмыстар орындалды.
Осыған ұқсас жұмыстар Краснояр және Көкшетау-2 кенттеріндегі жергілікті қазандықтарда да қолға алынды.
«Облыстың барлық жылумен қамтамасыз ету ұйымдарымен отынды жеткізуге уақытылы шарттар жасалды. Жылыту маусымына сапалы кіру үшін қажетті 2 айлық отын қоры дайындалды», – деп толықтырды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасындағылар.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»