Маңғыстау облысына жыл басынан бері 140 мыңға жуық турист келген
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 140 мыңға жуық турист келген, деп хабарлайды тілшісі облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.
«2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысына келген турист саны 139 мың адамды құрап отыр, бұл 2020 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 3,1 есе көп. Орналастыру орындарымен 3,1 млрд. теңгеге қызмет көрсетілді», — деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров.
Биыл Маңғыстау облысына келетін туристер саны 200 мыңға жететіндігі болжанып отыр. Өңірдегі туризм саласын дамыту мақсатында биыл 190 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 5 жоба іске асырылуда. Олардың қатарында: гольф-клуб, тақырыптық ойын-сауық паркі, виллалар мен апартаменттер кешенін салу және «Resort» курорттық-қонақ үй кешенінің құрылыстары бар.
«Бұл кешендер алдағы уақытта облыстағы туризм саласының дамуына және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге оң ықпал етеді. 2025 жылы жоспарға сәйкес облыс қонақтары мен туристер саны 750 мыңға жетеді деп күтілуде. Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 4,6 есе көп. Өңірде туризм саласы бойынша 2021-2025 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 300 млрд. теңгеден астам қаражат және 13 жобаны іске асыру жоспарланған»,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»