Нұр-Сұлтанда улы дәрі-дәрмек шашу басталды – әкімдік түсініктемесі

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мен "AG Disinfection services" ЖШС бірлесіп ашық кеңістікті дератизациялау шараларын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ашық аумақтағы дератизация 2021 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады. Улы жем саябақтарда, өзендер аумағына, каналдарда, су қоймаларында және зираттар аумағына себіледі. Өңделетін ашық кеңістік ауданы 3112 гектар", — делінген ресми хабарламада.


Ал 7 қазаннан жеке секторды өңдеу басталады. Тұрғындарға арнайы улы препараттар тегін таратылады. Сондай-ақ, мамандар қауіпсіздік шараларын түсіндіреді.

"Дератизация кезінде 25 мыңнан астам тұрғын үй өңделеді. Сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы дәрі-дәрмек балалардың қолы жетпейтін жерге – жертөлеге немесе жоғары қойылуы керек", — дейді мамандар.



Әкімдік дератизация кезінде қандай препараттар қолданылатынын да жариялады. Олар: бромадиолон және бродефор. Оны кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы ауру таралуын болдырмау үшін пайдаланады.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
694 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить