Түркістан облысында биыл 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

Түркістан облысында жыл басынан бері 363,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 10541 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Өңірде 13 кәсіпорын ашылып, 1665 адам жұмысқа орналасты. Жол картасы аясында 7 жаңа мектеп ашылған. Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.

Жол картасының орындалуы бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламаның орындалуы партия филиалының қатаң бақылауына алынып, тұрақты түрде зерделеу жұмысы жүріп жатыр. 2021 жылы облыстық Жол картасы бойынша 110 индикатор жоспарланса, оның 25-і орындалды.

Аудандық, қалалық Жол карталарында жоспарланған 1418 индикатордың 668-і, яғни, 47 пайызы жүзеге асқан. Осы және өзге деректерге тоқталған баяндамашы сайлауалды бағдарламаны орындау барысындағы қиындықтар мен мәселелерге де тоқталды. Жол картасы бойынша жылына 2 рет аудан, қала әкімдерінің есептері тыңдалса, деген ұсынысын жеткізді.

Аппарат отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылуы баяндалды. 2021 жылы 70 ауылдық елді мекенде 302 жобаға 16,1 млрд теңге бөлінген. Іске асыру жоспарланған жобалар аясында білім, денсаулық, спорт саласында жаңа нысандар бой көтеріп, аудан, қалаларда инфрақұрылым жаңарады. Жыл қорытындысымен 280 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таңда, 95 жобаның жұмысы аяқталып, қабылдауға дайын. Оның ішінде, 91 көше орташа жөндеуден өтіп, 4 мектепте күрделі жөндеу жасалған.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
774 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить