Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық ахуал жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты
азақстан Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Талғат Қалиев бейнебайланыс арқылы Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалға арналған халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Дебора Лайонс, Ұйымға мүше мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Т. Қалиев Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерге өзінің нақты үлесін қосуды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеп, еліміздің БҰҰ қамқорлығымен халықаралық гуманитарлық көмекті қауіпсіз және бірлескен түрде Ауғанстанға жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Алматыда халықаралық гуманитарлық логистикалық хабты құру туралы бастамасын ерекше атап өтті.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»