Қазақстадық оқушылар балқан Олимпиадасында бес медальға ие болды

Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа 18 елден жүзден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-шы орынға тұрақтады.

Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты. Жеңімпаздардың қатарында күміс медаль иегері Таир Сатубалдин, қола жүлдегерлер — Нұрасыл Әбдіразақ, Рахим Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сакенов және Құрмет грамотасымен марапатталған Сам Фетуллах бар.

«Олимпиаданың турнирлік күнінде жас математиктердің алдына қиын міндет қойылды. Олар төрт тапсырманы шешуі тиіс болды. Әр дұрыс шешім үшін қатысушылар 10 ұпай алды. Біздің оқушылар Балқан елдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Италия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің білім алушылары қатысқан жарыста жақсы нәтижелер көрсетті. Оқушыларымыз әлемдік шыңдарды бағындырып, Қазақстанды лайықты деңгейде танытуы үшін дарынды балаларды іріктеу және ел ішінде олимпиадалар өткізу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», — деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Биыл математикадан Балқан олимпиадасы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
664 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить