Елордада жастар мәселелері бойынша call center ашылды
Елордада жастар мәселелері бойынша call center ашылды. Орталықтың мақсаты – жастар мен студенттер арасында болып жатқан мәселелерді шешуге атсалысу, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты.
Ашық қоңырау орталығының басты мақсаты — елордалық жастардың, студенттердің мәселелері бойынша, атап айтқанда: жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа және басқа сұрақтарға қатысты арыз-шағымдарды ескеріп, алдын алу. Сонымен қатар, елордалық студенттерге оқу орны қабырғасында орын алып жатқан жемқорлық, әлімжеттік әрекеттері бойынша да өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізуіне болады.
Айта кетейік, әр қоңырау мен ақпарат анонимді.
«Бұл бастамамыздың мақсаты — жастар, студенттердің арасында орын алып жатқан мәселелерді шешуге атсалысу. Сондықтан, жастарды қолдауға шақырамын. Келіп түскен арыз-шағым немесе ұсыныс құзырлы мемлекеттік органмен қарастырып, шешетін боламыз» — деп атап өтті Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»