Қазақстан мен Малайзия пандемиядан кейінгі тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыруды талқылады

KAZAKH INVEST «Қазақстан пандемиядан кейін: тікелей шетелдік инвестиция тартуды ынталандыру» атты онлайн вебинар аясында малайзиялық инвесторларға 150-ден астам жаңа инвестициялық ұсыныстарды таныстырды. Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі (ҚМІК) ұйымдастырған іс-шараға АӨК, ЖЭК, АКТ, машина жасау, денсаулық сақтау, фармацевтика және т.б. салалардағы 25-тен астам жетекші малайзиялық компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу спикерлері ретінде ҚМІК төрағасы Датук Лу Ток Джи, Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев, Малайзия сыртқы сауданы дамыту корпорациясының директоры Мансур Шах Вахид, инвестиция тарту және маркетинг департаментінің директоры «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қуат Жолдыбеков, сондай-ақ АХҚО және QazTrade өкілдері қатысты.

Вебинарды аша отырып, ҚМІК басшысы Датук Лу Ток Джи қазақстандық нарықтың зор маңызын және малайзиялық Бизнестің Қазақстанмен іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүдделілігін атап өтті. ҚР Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев осы тезисті растай отырып, вебинар қатысушыларын қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тікелей байланыстарды белсенді түрде жолға қоюға шақырды.

Өз кезегінде, KAZAKH INVEST инвестициялар тарту және маркетинг Департаментінің Директоры Қуат Жолдыбеков малайзиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық ахуалына, сондай-ақ ҚР экономикасының басым секторларындағы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шараларына қатысты ақпаратты ұсынды. Оның айтуынша, бұл кездесу Қазақстан мен Малайзияның инвестициялық және сауда-экономикалық салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін өзара тиімді күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

«Қазақстан бүгінде-тиімді бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеует. Айта кету керек, Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға ТШИ ағыны 360 млрд АҚШ долларынан асты. Негізгі себептер, басқалармен қатар, стратегиялық маңызды орналасуы, бизнесті жүргізу үшін қолайлы орта, инвесторлардың құқықтарын қорғау және біздің инвестициялық ынталандыруларымыз болып табылады. Біз Малайзиямен инвестиция саласындағы жемісті ынтымақтастықтың айтарлықтай кеңеюіне үміт артамыз», — деп атап өтті Қуат Жолдыбеков.

Сонымен қатар, инвестицияларды мемлекеттік қолдау түрлері, преференцияларды алу мүмкіндіктері, инвестициялық келісімге қатысты баяндаманы сервистік қолдау Департаментінің Директоры Алида Туебекова баяндама жасады.

Вебинар соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
956 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить