Биыл жолдарда су-жылу режимін бақылаудың 20 датчигі орнатылды
Еліміздің автомобиль жолдарында өлшеу кешендерін, атап айтқанда, температура мен ылғалдылық датчиктерін орнату жалғасуда. Зерттеу ел өңірлерінің климаттық жағдайларын ескере отырып, жол жұмыстарының технологиясын түзетуге көмектеспек, ҚР ИИДМ хабарлайды.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары датчиктерді орнату жұмыстарын 2020 жылы қолға алған болатын. Ағымдағы жылы "Алматы-Шымкент", "Шымкент-Қызылорда", "Қызылорда-Ақтөбе", "Орал-Атырау", "Ақтөбе-Орал", "Жетібай-Жаңаөзен", "Ақтөбе-Атырау-Астрахань", "Омбы-Майқапшағай", "Үшарал-Достық", "Алматы-Өскемен", "Қарабұтақ-Қостанай", "Жезқазған-Петропавл" және "Нұр-Сұлтан-Петропавл" жол учаскелерінде 20 өлшеу аспабы орнатылды.
Датчиктердің әрбір жиынтығын орнатпас бұрын оларды ҚазжолҒЗИ зертханасында жол жамылғысы материалдары мен жер төсемі топырақтарының әр түрлері үшін калибрлеу жүргізілді.
Орнатылғаннан кейін өлшеу құралдары GPRS арналары бойынша трансфері бар стационарлық бақылау нүктелерінде және мониторинг орталығындағы барлық деректерді шоғырландырумен жол конструкциясының су-жылу режимінің параметрлерін автоматтандырылған түрде жинайды.
Қазіргі таңда мамандар республикалық маңызы бар "Алматы-Бішкек" автомобиль жолының учаскесінде жұмыс жүргізуде. Бұдан бөлек, Балқаш, Павлодар, Жезқазған және Қосшы қалаларына жақын маңда станцияларды орнату көзделген.
Айта кету қажет, мониторинг жүйесі Қазақстанның жол желісінде алғаш рет қолданылуда. Аталған зерттеу жол жұмыстарына жұмсалатын шығындарды қысқартуға көмектеспек. Себебі ол еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі климаттық жағдайларын ескере отырып, құрылыс, реконструкциялау және жөндеу технологиясын жақсартады.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»