ҚР Білім және ғылым министрі білім басқармаларының басшыларына азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармаларының басшыларына азаматтардың білім саласына қатысты өтініштері, шағымдары мен ұсыныстарына жедел ден қоюды тапсырды, ҚР БҒМ баспасөз қызметі деп хабарлайды.
Айта кеткен жөн, 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) қарамағындағы Білім басқармалары мектептерге, сонымен бірге бүкіл оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады.
Азаматтардың жауапты тұлғаларға тікелей хабарласуы үшін, сондай-ақ қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақытылы алу және кері байланыс орнату мақсатында білім басқармалары басшылары мен олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялап отырмыз.
Вам может быть интересно: «WhatsApp отключит мессенджер на миллионах смартфонов и планшетов»