Елорданың мәслихат депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін оқу үшін 30 сертификат табыстады
Аддис-Абебада Қазақстанның бейбіт бастамаларына және Семей полигоны жабылуының 30-жылдығына арналған семинар өтті
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында елордалық мәслихат депутаттары көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде тегін оқуы үшін сертификаттар тапсырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде қалалық мәслихат депутаттары көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 30 балаға білім грантын алу үшін сертификат табыс етті. Олардың төртеуі Нұр-Сұлтанның жоғары оқу орындарында, ал 26-сы колледждерде тегін білім алады.
Гранттар бөлінген оқу орындарының тізімінде «Тұран-Астана» университеті, KAZGUU гуманитарлық-заң коллежі, «Астана-Профи» қалалық шаруашылық колледжі, сондай-ақ технологиялық колледж бар.
«Акция жалғасуда және алдымызда көптеген игі іс күтіп тұр. Бұдан бұрын депутаттар медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, әрбір медициналық мекемеге оттегі концентраторын табыс еткен, сол сияқты аулаларды абаттандырып, түрлі іс-шаралар өткізді», – деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»