Алматыда аула аумағын үздік көгалдандыруға байқау жарияланды
Алматыда қала күніне орай «Аула аумағын үздік көгалдандыру — 2021» байқауы жарияланды. Жеңімпазға ауланы көгалдандыруға қажетті құрал-сайман, өсімдіктер сатып алуға 5 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталады.
Байқау аулаларды абаттандыру және көгалдандыруға, тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін бағалау үшін және экологиялық ахуалды жақсарту үшін ұйымдастырылып отыр.
Байқауға тұрғындар, меншік иесі ұйымдары мен пәтер иелері кооперативтері қатыса алады. Іс-шара ауланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қала тұрғындарының назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, қаланың жасыл желегіне көңіл бөлу мәселелеріне де мән берілуде.
Жұмыстарды бағалау кезінде олардың мәдени-эстетикалық, тәжірибелік, жаңашылдық ерекшеліктеріне назар аударылады. Байқауға қатысу үшін ecovid.kz сайтында тіркеудің өтіп, өтініш қалдыру қажет. Марапаттау салтанаты Қала күні — 19 қыркүйек күні өтеді.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»