Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында үздік бесттікке енді
04.09.2021
Қазақстандық таеквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Домбаев аргентиналық Хуан Самораноға қарсы шыққан болатын
Кездесу барысында Нұрлан есепте алда тұрды, алайда, соңғы секундтарда аргентиналық споршы соққы жасап, ұпай санын арттырды.
Қорытынды есеп – 13:12.
Айта кетелік, қазақстандық паралимпиадашылар қоржынында бес жүлде бар.
Алтын медальді пауэрлифтер Давид Дегтярев иеленсе, дзюошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс еншіледі. Ал жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с
ошибкой и нажмите CTRL+Enter
745
просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: