АӨСШК-ті дамытудың алдағы перспективалары белгіленді

– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында 2021 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуіне дайындық мәселелері талқыланды.

М.Тілеуберді АӨСШК институционалдық трансформациясы бойынша дәйекті жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол алдағы министрлік кездесу барысында өңірдегі және әлемдегі өзгеріп отырған геосаяси ахуал жағдайында ерекше өзекті болып табылатын АӨСШК сенім шараларының жаңартылған каталогын қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

Өз кезегінде, Қ.Сарыбай ҚР-дың АӨСШК-ке төрағалық ету тұжырымдамасын іске асыру барысы және 2022 жылы Кеңестің 30-жылдығы шеңберінде жоспарланып отырған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Қазақстандық төрағалықтың бастамаларын имплементациялау арқылы АӨСШК-тің әлемдік аренада танылу деңгейінің артуы атап өтілді.

АӨСШК Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум. Бүгінгі таңда 27 мемлекет Кеңес мүшесі, ал 8 ел мен 5 халықаралық ұйым бақылаушы ретінде қатысады. АӨСШК хатшылығы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
751 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить