Путин Қазақстан президентіне көңіл айтты
Sputnik — Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Жамбыл облысында жарылғыш заттардың жарылуынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын. Қаза болған азаматтардың отбасыларына қолдау мен жұбату сөздерімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", — деді Путин.
Еске салсақ, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймаларының бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»