Үкіметте қазақстандық бизнестің проблемалық мәселелері қаралды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың төрағалығымен қазақстандық бизнестің проблемалық мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалалық қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігі және «D» санатындағы жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірген жүргізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету мәселесін көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бір апта ішінде бұл мәселені шешу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Квазимемлекеттік сектор компанияларының кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы туралы мәселе де көтерілді, атап айтқанда, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ әрекеттері мысалға келтірілді.
Ә. Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, тиісті мемлекеттік органдар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ қызметіне, оның квазимемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келуіне талдау жасап, нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістерді енгізетін болады.
Талқылау қорытындысы бойынша Ә. Смайылов 2021 жылдың соңына дейін «ҚР МЖ 12-2009 негізгі қорлар жіктеуіші» ҚР Мемлекеттік жіктеушіне оны өзектендіру және халықаралық жіктеуіштерге сәйкес келтіру бойынша өзгерістер енгізуді тапсырды.
Заңсыз тасымалдаудың дамуын ескере отырып, автовокзалдар мен автостанциялардағы жолаушылар ағынының азаюы мәселесі де талқыланды. Заңсыз тасымалдауды бақылау тиісті деңгейде жүргізілмегендіктен, нарықтың адал қатысушылары тасымалдаудыі дамытуға және жылжымалы құрамды жаңартуға инвестициялануы мүмкін кірістен айырылады. Бұл Қазақстанның барлық аймақтарындағы автовокзалдар мен автостанциялар көрсететін қызмет деңгейіне теріс әсер етеді.
Осы мәселені шешу үшін ақпараттық жүйелердің көмегімен заңсыз жолаушылар тасымалына бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар интернет-агрегаторлардың (қосымшалардың) қызметін бақылауды оңтайландыру, шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөліктерге тапсырыстарды беруге тыйым салу жоспарлануда.
Вам может быть интересно: «В Правительстве рассмотрели проблемные вопросы казахстанского бизнеса»