Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесі құрылды

Қазақстандық «QazIndustry» индустрия және экспорт орталығымен Бразилияның (CNI) Ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясы арасында Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесін құру туралы Меморандумға қол қоюдың онлайн форматтағы ресми рәсімі өтті.

Іскерлік кеңес Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің бастамасымен Қазақстанмен Бразилия кәсіпкерлері арасындағы байланыстармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту арқылы екі ел арасындағы экономикалық әрекеттестікті кеңейту мақсатында құрылды.

Іс-шара барысында QazIndustry Басқарма төрағасы Берік Бекенов Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, оның кеңеюінің әлеуеті бар екенін атап өтіп, Іскерлік кеңестің құрамына жетекші кәсіпорындар кіретінін және екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту мен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың белсенді алаңы мен қуатты қозғаушык үшіне айналуы мүмкін екеніндігін жеткізді. Бұл тұрғыда Оңтүстік Америкаға қазақстандық экспортты ілгерілету мен бразилиялық инвестицияларды аймаққа тартудың шұғыл қажеттілігі ерекше айтылды.

Өз кезегінде, CNI Өндірістік ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Жоау Эмилиу Гонсалвес екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың барлық спектріне қуатты серпін беруге мүмкіндік беретін механизмнің құрылуы Қазақстанмен Бразилия арасындағы қарым-қатынас үшін тарихи оқиға екенін атап өтті. Бразилия тарапы бар әлеуетті іске асыру үшін Іскерлік кеңестің алаңына барлық мүдделі жергілікті компанияларды тартға ниетті.

Іскерлік кеңестің бірінші отырысын 2021 жылғы қарашада Қазақстан-Бразилия бизнес-форумының қарсаңында өткізу жоспарланды.

«Қазақстандықиндустрияжәнеэкспорторталығы» АҚ «Qazindustry» — индустриялықдамудыңұлттықүйлестірушісі, еңбекөнімділігінарттыру, технологиялықдаму, жергіліктіқамтужәнеэкспорттыілгерілетубойыншабірыңғайоператорболыптабылады.

Ұлттықөнеркәсіптікконфедерациясы (CNI) 1938 жылданбастап 27 мемлекеттікмамандандырылғанфедерацияларды, 1280 кәсіподақтыжәне 700 мыңкәсіпорындардыбіріктіретінБразилияөнеркәсібініңнегізгіөкіліболыптабылады.

Бразилия Оңтүстік Америкадағы көшбасшы және әлемдегі 9-шы экономика, ЖІӨ 1,4 трлн.долларды құрайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1140 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить