Әскери бөлімдегі жарылыстан алты прокурор жарақат алды – Бас прокуратура

Sputnik — Әскери бөлімдегі жарылыс кезінде көз жұмған Оңтүстік өңірінің әскери прокуроры Арман Қапезовпен бірге тағы алты прокуратура қызметкері болған, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылының маңындағы әскери бөлімнен өрт шыққаны туралы ақпарат алып, жеті адамнан тұратын прокурорлар тобы мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру және тұрғындарға қауіптілік деңгейін анықтау мақсатында оқиға орнына барған. Оқиға орнында болған сәтте оқ-дәрілер жарылған, салдарынан Байзақ ауданы және Оңтүстік өңір әскери прокуратурасының алты қызметкері түрлі дене жарақатын алды, біреуі қайтыс болды", — делінген хабарламада.

"Қызметтік борышын орындау кезінде өз өмірін қатерге тіге отырып, біздің әріптестеріміз ерлік пен батылдық танытты және антқа адал офицердің үлгісін көрсетті", — деп мәлімдеді ведомство.


Марқұм Қапезов прокуратура органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеген, қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградамен марапатталған. Әріптестері арасында сыйлы болды.

Арман Қуанышұлының төрт баласы қалды.

Тараз түбіндегі жарылыс

Қайғылы оқиға 26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында болды. Алдымен әскери бөлімнің қоймасынан өрт шыққан. Артынша бірнеше жарылыс болды. Қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталғаны анықталды.

Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары шұғыл Тараз қаласына эвакуацияланды. Соңғы деректер бойынша төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың арасында ТЖ министрлігі, әскери бөлім, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1692 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить