Екінші деңгейлі банктер «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын жүзеге асыруға кірісті

Қазақстан Ұлттық Банкі «Цифрлық теңге» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысын талқылау үшін қаржы нарығына қатысушы тараптармен кезекті кездесуін өткізді. Пікірталасқа Қазақстан Қаржыгерлер қауымдыстығының, екінші деңгейлі банк өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Кездесу аясында жобаның қазір қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқаны, соның ішінде Ұлттық Банктің цифрлық валютаны әзірлеуде технологиялық архитектура мен әлемдік трендтерді қалай қолданып жатқаны таныстырылды.

Технология мен төлем жүйесі қатар дамып жатқанын ескерсек, цифрлық теңге қолданыстағы қолма қол және қолма қол емес төлем жүйелеріне қосымша ретінде жаңа төлем инфрақұрылымы бола алатындай әлеуеті бар. Цифрлық теңгені енгізе отырып, төлем қызметі нарығындағы бәсекені арттыруға, қаржы технологиясын дамытуға жаңаша серпін беруге, сондай-ақ, аймақтардағы қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік туады.

Талқылау барысында цифрлық валюта қаржы тұрақтылығына қалай әсер етеді деген, тұтынушылар үшін төлем жасау қаншалықты ыңғайлы болатыны, сондай-ақ, тәуекелдерді төмендетудің жолдары қандай деген мәселелер талқыланды. Қаржы нарығының қатысушылары мүдделі тараптардың барлығын тәжірибеде қолдануға болатын шешімдерді іздеу үшін сауалнама мен сұхбаттасудан өтуге шақырды. Пилоттық жобаға нарықтағы тараптардың барлығы шектеусіз қатыса алады. Қазіргі таңда «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын жүзеге асыруға екінші деңгейлі 3 банк қатыса бастады.

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығындағы тараптар мен қоғам арасында жобаның нәтижелерін талқылап, сол талқылаудың нәтижесін ортаға салып отырады.

«Цифрлық теңге» жобасы туралы толық ақпаратты Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтынан таба аласыздар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
954 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить