Елбасы Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Қазақстандық әскери қызметшілер – бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша Армия халықаралық ойындарында көшбасшылар қатарында
Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі. «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты», – делінген жеделхатта.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»