СҚО-да диқандар әр гектардан орта есеппен 9 центнерден бидай алып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында егін орағы басталып, диқандар 551 мың гектардағы астықты орды

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 4,3 млн гектарға егін егілген. Оның 957,6 мың га майлы дақылдар, 2,9 млн га дәнді-бұршақты дақылдар және шамамен 40 мың га картоп пен көкөніс егілген.

Диқандар күзгі орақ науқанын бастап кетті. Бүгінге дейін 551,4 мың гектардан бидай орылды, бұл барлық алқаптың 18,4%-ы, 380 мың га бастырылып, одан 347,4 мың тонна өнім алынды. Гектарынан орта есеппен 9,1 центнерден астық алынып жатыр.

Мамандардың айтуынша, күзгі орақ науқанына 7,1 мың комбайын жұмылдырылмақ. Олардың жартысынан астамы өнімділігі жоғары заманауи техника. Бұдан басқа жаңа астықты тасымалдауға 6 мыңға жуық жүк көлігі тартылды.

Жалпы биыл шаруашылықтар 45,1 млрд теңгеге 1687 жаңа техника сатып алды, оның 112-сі астық комбайндары.

Жаңа өнімді шашпай-төкпей, жаңбырға қалдырмай жинап алу үшін өңірге 75,3 мың тонна дизель отыны қажет. Оның 86%-ы өңірге жеткізілді. Диқандарға сұйық отынның бір литрі 185 теңгеден сатылып жатыр.сол

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
999 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить