"Самұрық-Қазына" АҚ Катар елінің іскерлер қоғамдастығымен ынтымақтастықты нығайта түспек
"Самұрық-Қазына" Қорының ұйымдастыруымен Қазақстан-Катар іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Басқосуға Қазақстан және Катардың ірі компанияларының басшылары, ҚР Үкіметінің мүшелері, мемелекеттік ведомстволар мен қаржылық институттарының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында сөз сөйлеген "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан мен Катар арасындағы іскерлік қатынастар жаңа, сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Қор басшысы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтудің бағыттарын айқындады:
— ең алдымен Катар инвестициялық Қорымен энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік пен жекешелендіруге жататын активтер салаларындағы ынтымақтастыты нығайту.
— екіншіден, тау-кен секторы, өнеркәсіп пен инфрақұрылым, құрылыс, туризм, агротехнологияларды дамыту салаларында көпжақты форматтағы ынтымақтастық негізінде ірі жобаларды іске асыру.
— үшіншіден, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда — мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту.
Сауда-экономикалық әріптестіктің нәтижелеріне тоқталған Қордың Басқарма төрағасы Катар біздің еліміздің маңызды экономикалық серіктесі екенін ерекше атады. Қазіргі таңда Қазақстанда катарлық капиталдың қатысуымен жалпы құны 125 млн
АҚШ долларын құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып жатыр:
• Алматы облысында «Qatar Development Bank» қатысуымен перинаталдық орталықтың құрылысы,
• «Barzan Holdings» қатысуымен "Матыбұлақ" әскери дайындық орталығының инфрақұрылымын жетілдіру жобасы,
• «Al Rayan Investment»-пен бірге "Астана Халықаралық Қаржы Орталығының алаңында тәуелсіз Катарлық банктің ашылуы.
Шара аясында катарлық компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды дамыту туралы ойларымен бөлісті. Қазақстан-Катар Іскерлік кеңесінің тең-төрағасы Мохаммед бин Ахмед Аль-Обайдли "Самұрық-Қазына" Қорымен бірлескен инвестициялық жобаларға қолдау білдіріп, Катар тарабы оларды іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.
Вам может быть интересно: «Казахстанцы накопили в ЕНПФ более 12,8 трлн тенге»