Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған.

Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
936 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить