Мониторингтік топтар елорданың үш ауданында карантин тәртібін бұзғандарды анықтады
Елорданың мониторингтік топтары бірнеше ай бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, күн сайын қаладағы 100-ден астам кәсіпкерлік нысандары арасында карантиндік шектеулерін бұзғандарды анықтауда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
19 тамызда мониторингтік топтар 5 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Алматы ауданында "F16-Zeine" кафесі, сондай-ақ "Zina" және "Tofu" мейрамханалары карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді. Байқоңыр ауданында Иманов 41 мекенжайы бойынша орналасқан "Rich" кафесі санитарлық нормаларды елемей, жұмыс істеген.
Сарыарқа ауданындағы "Sheih room" барында және "Respawn" компьютерлік клубында карантин режимі, маска режимі және әлеуметтік қашықтық сақталмаған. Есіл ауданында мониторингтік топтар карантин тәртібін бұзғандарды анықтаған жоқ.
Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі тұрақсыз, күн сайын қалада КВИ жұқтырудың 1000-ға жуық жағдайы анықталады. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік объектілері карантин режимінің нормалары мен талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс. Шектеу шараларын елемеу немесе немқұрайлы қарау аурудың өршуіне алып келуі мүмкін.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»