Асқар Мамин өңірлердегі жем-шөп жеткізу жағдайын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

 Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі өңірлерді жем-шөп мәселе бойынша қолдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жаз ерекше құрғақ болды, соның салдарынан еліміздің батысы мен оңтүстігінде бірқатар өңірлер зардап шекті. Құрғақшылықтың салдарын жою үшін жедел шаралар қабылданды. Зардап шеккен өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Жем-шөп сатып алу үшін Үкімет резервінен Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 3,6 млрд теңге бөлінді, жем-шөп дайындауға қосымша 43,1 мың тонна арзан дизель отыны бөлінді. Солтүстік өңірлерден жем-шөп жеткізілді. Батыс өңірлерді жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесіне волонтерлер де кірісті», — деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуныша, республикадан кесек жем-шөпты шығаруға және жемдік астық экспортына квота беруге уақытша тыйым салынды. Қабылданған шаралардың арқасында жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі жалпы тұрақтанды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, жағдайды ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деді Үкімет басшысы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
701 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить