Алматы мектептері қандай жағдайда онлайн форматқа ауысады

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептер онлайн білім беру жүйесіне көшірілу мүмкін. Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер сыныпта коронавирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады», — деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол созылмалы ауруы бар оқушылар қалай оқитынын тілге тиек етті.

«Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай өтініш жазады. Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, бала үйден оқуға ауыстырылады. Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға форматқа көшеді» — деп қосты спикер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1016 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить