Алматыдағы Rixos қонақүйінің әкімшілігіне айыппұл салынды

Мегаполистегі Rixos қонақүйі әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, Rixos қонақүйінің әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге ғимаратты бергені және ұйымдастырғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ол шараға қатысушылар Алматыға бір күнге ғана ұшып келгенін жеткізді.

«Жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Тексеру прокуратураның рұқсатынан кейін жүргізіледі, анықталғандардың бәрі жазаланатын болады», — деді ол.

Бұған дейін, Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін айтқан болатын. Аптасына 10 мыңнан астам адамнан вирус анықталып жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
817 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить