Алматыда Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына басшы тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болып Евгений Пак тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Евгений Пак 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Бірнеше жоғары білімі бар.
Энергетика саласындағы еңбек жолын «KEGOK» АҚ энергетикалық нарығының автоматтандырылған жүйелер қызметінің бас маманы болып бастады.
Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бастығының орынбасары болды.
2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Алматыжылужайэнерго» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
Вам может быть интересно: «Талибы начали изымать оружие у населения в Афганистане»