Батыс Қазақстанға Sinopharm компаниясының вакцинасы жеткізілді

Батыс Қазақстан облысына кеше Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, вакцина 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған.

Вакцина емханаларға бөлініп берілді.

Күні бүгінге дейін облыста 184 390 адам коронавирус вакцинасының бірінші, 141 782-сі екінші компонентімен егілді.

Соның ішінде 9 426-сы — медицина қызметкерлері, 15 631-і — педагогтар (99,5 пайыз), 4 392-сі — құқық қорғау органдарының өкілдері (88,8 пайыз), 1 287-сі — медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінде жұмыс істейтіндер.

Өңірде тұрғындарды вакцинациялау одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 2 415 науқастың амбулаторияда емделіп жүргенін жазған болатынбыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1942 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить