Алматыда қандай жағдайда қатаң шектеу шаралары алынады
Выступления Президента Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы қыркүйекте өседі
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин шектеу шаралары қандай жағдайда алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ол, Іnstagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Оның айтуынша, басты міндет- халықтың иммундық қабатын қалыптастыру.
«Біздегі шектеу шараларын алып тастау үшін, тұрғындардың 70-80% -ы вакцина алуы керек. Тек сол кезде біртіндеп шектеу шараларын алып тастай аламыз»,-деді ол.
Сонымен қатар, ол қазір Алматы «қызыл» аймақта, жағдай шиеленісіп тұрғанын атап өтті.
Айта кетейік, 16 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 092 882 адам салдырды. II компонентін салдырғандар саны 4 717 883 адамды құрап отыр.
Вам может быть интересно: «Талибы заявили о мирном подходе к решению ситуации в Афганистане»