Анталияда төлқұжатсыз қалып қойған 15 жастағы қыз Қазақстанға оралды

Анталияның әуежайында төлқұжатсыз қалып қойған 15 жастағы қазақстандық қыз бүгін елге оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қыздың анасы Асыл Несіпбаева айтып берді.

Оның айтуынша, кәмелетке толмаған баланы бөтен елде қалдырып кеткен сенімді өкіліне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Қызым Қазақстанған жетті. Қазір ол үйге көлікпен келе жатыр. Бізге ҚР Сыртқы істер министрлігі көмек көрсетті. Ол туристермен бірге қонақ үйде болды», — деп түсіндірді жасөспірімнің анасы.

Оның сөзіне қарағанда, Консулдық баланың елімізге сапарлауы үшін анықтама берген. Осы құжат арқылы ол Қазақстанға аттанды.

«Біздің министрлік өкілдері қызымды ұшақтың бортына дейін апарып, мінгізді. Осы орайда Сыртқы істер министрлігі қызметкерлері баламның кіммен, қашан және қалай баратынын тыңғылықты нақтылап берді», — деді А. Несіпбаева.

Түркияда оқшаулауға жатқызылған қыздың әкесі бұл оқиғаның мән-жайынан хабардар екен. Сонымен қатар бұрынғы күйеуінің қазіргі зайыбымен Асыл Несіпбаева байланысқа шыққан.

«Мен оны әуежайда қарсы алдым. Оны жауапқа тартуға қатысты полицияға шағым түсірдім. Сағат 18:35 кезінде ол елге ұшақпен келді. Сол жерден оны бірден полицияға жеткізді. Полиция мені жәбірленуші ретінде тіркеді. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деді баланың анасы.

Оның атап өтуінше, қыздың өгей анасы бұл жағдайда баланың өзі төлқұжатын жоғалтып алғанын айтып ақталған.

«Біз Томиристі (қыздың есімі) күтіп отырмыз. Одан осының мән-жайын толық сұрастырамын», — деді А. Несіпбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында 15 жастағы қазақстандық қызды сенімді өкілі Түркиядағы Анталияның әуежайында қалдырып кеткен.

Белгілі болғандай, аталған сенімді өкіл қыздың әкесімен азаматтық некеде екен. Олар Түркиядан Қазақстанға аттанар алдында жеткіншектің паспорты жоғалғаны анықталды.

Өз кезегінде қыздың анасы Асыл бұл оқиғаның мән-жайын айтып берді.

«Менің балам бұрынғы күйеуімнің отбасымен Түркияда демалуға барған еді. Осы орайда сенімхат бұрынғы күйеуімнің зайыбына жазылған еді, себебі олар бір күн бұрын (5-інен 6 тамызға қараған түні) сапарлауға тиіс еді. Ал қызымның әкесі екі күннен кейін Түркияға бармақшы болды. Сондықтан сенімхатты беріп, бала аман-есен жетті. Ал Қазақстанға шығар кезде, елге орала алмай қалды. Сағат 10:30 кезінде маған хабарласып, әуежайда қалғанын айтты. Өгей анасы баланың төлқұжатын жоғалтып алған», — деді қыздың анасы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1035 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить