Балалардың жолда жарақат алуына қандай әрекеттер жиі себеп болады

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев кәмелетке толмаған жеткіншектердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына себеп болатын ереже бұзу әрекеттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне жұртшылық назарын аудару үшін «Қауіпсіз мектеп автобусы», «Назар аударыңыз, балалар!», «Назар аударыңыз-жаяу жүргінші!», «Ата-аналар, балалардың өміріне қамқорлық жасаңыздар!», «Балалар, жолда абай болыңыздар!», «Сіздің жолаушыңыз-бала» деген сияқты түрлі профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Мәселен, 12-14 мамыр аралығында республика көлемінде «Назар аударыңыз — балалар!» атты ауқымды жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғасына себеп болатын 16 мыңнан ереже бұзу әрекетінің жолы кесілді», — дейді комитет өкілі.

ІІМ-нің есми дерегіне сүйенсек, тіркелген 16 ежереже бұзу фактісінің құрылымын мынадай:

— қиылыстардан өту ережесін бұзудың 1223 фактісі;

— жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесін бұзудың 1415 фактісі;

— балаларды тасымалдау ережесін бұзудың 1348 фактісі, оның ішіндебалаға арналған креслоларды пайдаланбаудың 485 оқиғасы;

— маршруттық көліктің тоқтау ережесін бұзған 507 фактісі тіркелген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1014 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить