Елордаға Vero Cell Sinopharm вакцинасы жеткізілді
Елордаға қытайдың Vero Cell Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті елорда тұрғындар! Елордаға қытайдың Vero Cell Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Енді қала тұрғындары үш вакцинаның бірін таңдай алады. Олар: ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac және Sinopharm. Вакцинация коронавирусқа қарсы қорғаныстың жалғыз әрі тиімді әдісі. Солай ғана біз қалыпты өмірімізге орала аламыз», — деп жазды Тимур Мұратов Facebook парақшасында.
Айта кетейік, 10 тамыз күні Air Astana әуе компаниясы Бейжіңнен тікелей Sinopharm компаниясының Vero Сell вакцинасын жеткізді. Бір млн дозаны жеткізу «СҚ-Фармация» тапсырысы бойынша екі рейспен іске асырылды. Жалпы салмағы 20 тонна болатын медициналық жүк термо-контейнерлерде тасымалданып, 2-ден 8 градусқа дейінгі температуралық режим сақталды.
Вам может быть интересно: «Врач рассказала о проблемах с постковидным синдромом у перенесших COVID-19»