«Меркі-Шу-Бұрылбайтал» жолында көліктердің жүруіне қойылған шектеу алынып тасталды
Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» автомобиль жолындағы (жаңарту учаскесі) көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу алынып тасталды.
Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтожол» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Меркі-Шу-Бурылбайтал», ПК 672 (құрылыс сатысында тұрған учаске) Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде су шайып кету салдарларының жойылуына және өткелдің қалпына келтірілуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеуі алынып тасталғандығы туралы хабарлаймыз»,-делінген компания таратқан хабарламда.
Осыған дейін Жамбыл облысында теміржол көпірін су шайып, пойыздардың қозғалысы тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.
Кейінірек Жамбыл облысында тоқтатылған пойыз жолаушылары үшін шұғыл желі іске қосылғаны хабарланды.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында Аспара-Шу аралығындағы темір жол жөнделгенін мәлім етті.
Вам может быть интересно: «Талибы заявили о мирном подходе к решению ситуации в Афганистане»