Талибан өкілдері Ауғанстанның көпшілік аумағын басып алды — БАҚ

«Талибан» жауынгерлері (қозғалыс Қазақстанда террористік деп танылып, оған тыйым салынған — автор) Ауғанстанды басып алуды жалғастыруда: жексенбі таңертең олар соғыссыз Джелалабадты алды, бүгін Мазари-Шариф соғыссыз берілді. АҚШ әскерилері Ауғанстандағы дипмиссия қызметкерлеріне көмектесу үшін Кабулға қайта оралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВСС сілтеме жасап.

«Қазір Джелалабадта қақтығыс жоқ, себебі губернатор «Талибанға» берілді. Бұл азаматтардың өмірін құтқарып қалудың жалғыз амалы, сондықтан ьталибтерге кіруге рұқсат берді», — деді жексенбі таңертең Джелалабадтағы белгісіз шенеунік.

Джелалабад – Нангархар провинциясындағы әкімшілік орталық. Ол Кабулдың шығысында, ел астанасы мен Пәкістанның шекарасында орналасқан. Сенбі күні кешке талибтер Ауғанстанның солтүстігіндегі ірі қалалардың бірі Мазари-Шарифті басып алған болатын.

Еске салсақ, «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды. Халықаралық ұйымдар дабыл қағып Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапқанын жариялады.

Сондай-ақ, ҚР дипломатиялық миссиясы Кабулда шектеулі құрамда жұмысын жалғастыруда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1300 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить