Инфляция және күтілетін инфляция
2021 жылдың шілде айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Д.О. Чернявскийдің түсіндірмесі
Шілде айында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша, азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің күрт қымбаттауы, жанар-жағармай мен құрылыс материалдары бағасының өсуі, халық үшін кейбір ақылы қызметтердің қымбаттауы аясында инфляциялық күтулердің артуы байқалады. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы мен карантиндік шектеулердің қайта қатаюы инфляциялық күтулердің артуына да ықпал етті. 2021 жылдың шілде айында бір жыл алға инфляциялық күтулердің сандық бағасы 8,5%-ды құрады.
Инфляция және күтілетін инфляция, өткен жылдың тиісті айына,%
Респонденттердің инфляцияны қабылдауы жоғары деңгейде сақталады. Осы жылдың шілде айында бағалардың жылдам өсуін байқаған респонденттердің үлесі тым жоғары болды. Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің пікірінше, азық-түлік бағасы ең жоғары қарқынмен өсіп келеді. Атап айтқанда, шілдеде «жемістер мен көкөністер2 санатында бағаның шарықтауын (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің басқа топтарымен салыстырғанда) атап өткен респонденттердің саны күрт өсті. Сонымен қатар, өткен және келесі он екі айда бағаның өсуін 20%-дан астам қарқынмен бағалаған респонденттердің үлесі айтарлықтай көп болды.
Шілде айында халықтың тұтынушылық көңіл-күйі нашарлады. Бес қосалқы индекстен тұратын тұтынушылық көңіл-күй индексі (қазіргі және болашақ материалдық жағдай, ірі сатып алуға дайындық, 1 жыл және 5 жылға арналған экономиканың даму перспективалары бойынша күтулер) шілдеде 7,1 тармаққа төмендеді және 99,2 құрады. Сөйтіп 2020 жылғы қыркүйектен бастап алғаш рет теріс аймақта болды. Қазіргі және болашақ материалдық жағдайдың компоненттері бойынша ең көп төмендеу байқалды.
Вам может быть интересно: «Врач рассказала о причинах потери обоняния при COVID-19»