Павлодар облысында жалған мемлекеттік нөмірі бар 80-ге жуық жүргізуші жазаланды

Павлодар облысында жыл басынан бері полицейлер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автокөлік жүргізгені үшін 80 -ге жуық жүргізушіні жауапқа тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлердің сөзіне қарағанда, әр жағдайда тәртіп бұзушылар жалған нөмірдің қайдан келгенін, тіпті жалған нөмірмен көлік жүргізгендерін де білмейтіндіктерін айтып, ақталады.

— Бұл бұзушылық ҚР ААО 4 бөлігінің 590 бабында көзделген, ол 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе көлік құралдарын жүргізу құқығынан бір жылға айыруға әкеп соғады. Тек екі аптаның ішінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары осындай 14 заң бұзушылықты анықтады», — дейді облыстық патрульдік полиция командирінің міндетін атқарушы Адлет Мергазин.

Оның айтуынша, жақында облыс орталығында Ворушин мен Гагарин көшелерінің қиылысында полицейлер жалған мемлекеттік нөмірі бар ВАЗ 2123 көлігін тоқтатқан. Аталған фактіге сәйкес 60 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ОАА 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Дәл осылай Камзин мен Ломов көшелерінің қиылысында полицейлер Toyota Camry көлігін байқады, оның жүргізушісі біле тұра жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлікті жүргізген.

Екі жағдайда да ҚР ӘҚБтК -нің 590 -бабының 4 -бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді, ал көліктер айып тұрағына қойылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1016 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить