ҰҚК: Үш қалада терроризмді насихаттады деген 4 адам қамауға алынды

 ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үстіміздегі жылғы 13 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», — делінген комитет мәліметінде .

«Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып саналады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді», — деп аталып өткен хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1073 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить