Тарбағатайда екі мектеп салынады
Тарбағатай ауданында екі мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы аудан әкімі Асхат Смайлов мәлім етті. Жаңа мектептің құрлыс жұмыстары 2023 жылы басталады деп жоспарланып отыр. Ақсуат ауылында 300 орындық мектеп-лицей салынады. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 12,5 млн теңге бөлініп жоба-смета құжаттамасы әзірленіп жатыр.
«Ақсуат ауылында 300 орындық мектеп-лицей салуға облыстық бюджеттен 12,5 млн теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады. Сонымен қатар, Шеңгелді ауылында да 80 орындық мектеп салуға салалық қорытынды беріліп, экономикалық қортынды алуға жолданды», — дейді Асхат Смайлов.
Оның айтуынша, биыл ауданда «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 мектеп, 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
«Білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу, олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері шешілуде. Жергілікті, облыстық және республикалық бюджеттерден қажетті жағдайларды жасау мақсатында қаражат бөлінуде. Атап айтсақ 2021 жылы «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 мектеп, 1 балабақшанын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 692,2 млн теңге қаржы қаралып жұмыстар жүргізілуде», — аудан әкімі.
Айта кетейік, ауданға қарасты мектептерде оқушылардың білім алу барынша қамтамасыз етілді.
«Ауданда жалпы білім беретін 35 орта, 4 негізгі орта, 9 бастауыш мектептерінде 8 792 оқушының білім алуы қамтамасыз етілді. Бұның сыртында қосымша білім беру ұйымдары: 2 саз мектебі, 2 өнер мектебі, 1 қосымша білім беру орталығы жұмыс істейді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту бойынша 28 балабақша мен 39 шағын орталық жұмыс істейді. 3-6 жастағы тіркелген 2 571 бала 100 пайыз қамтылды», — дейді аудан әкімі.
Вам может быть интересно: «Талибы захватили столицу афганской провинции Гильменд»