Алматыда коронавирус жұқтырған 229 бала ауруханада жатыр
Алматыда коронавирус жұқтырған 5 833 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1507 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1417, симптомсыз – 90 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 701, келіп түскені – 792.
«Инфекциялық стационарларда 5 833 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 229 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 397 адам жатыр. Ал 66 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 161 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 164 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 694 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 153 науқас. 541 адамда коронавирус белгілері жоқ.
Вам может быть интересно: «Талибы заявили о мирном подходе к решению ситуации в Афганистане»