Карантин талабын бұзған 114 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды
Карантин талабын бұзған 114 алматылыққа айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «қызыл» мәртебесі бар ереже бұзушылардың тізімін жариялады.
«Ashyq» қосымшасы арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 114 тұрғын анықталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылды. Олар 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», -деп атап өтті департаменттен.
Айта кетейік, мегаполисте эпидемиологиялық ахуал күрделі. Қала «қызыл» аймақта тұр. Соңғы туәлікте коронавирус инфекциясын 1507 адам жұқтырды.
Сонымен қатар, мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қоғамдық көліктерде маска режимін сақтамағандар айыппұл төлейді.
Вам может быть интересно: «Глава дипломатии ЕС призвал ‘Талибан’* немедленно вернуться к переговорам»