Кәсіпорындарда өндіріс қуатының жүктемесі ұлғайды – Ұлттық банк
Әр қойшыға үй берілген, Wi-Fi орнатылған: Әулиеатадағы кәсіпкер жұмыс орнын көбейтуді жоспарлап отыр
2021 жылдың II тоқсанында кәсіпорындарда өндіріс қуатының жүктемесі ұлғайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
Банктің хабарлауынша, кәсіпорындарды мониторингтеу нәтижесінен нақты секторда экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келе бастағанын байқауға болады. Бұл үрдіс өндіріс қуатының жүктемесі мен өндіріс көлемінің ұлғаюынан, активтер мен айналымдағы қаражаттардың тез қозғалысынан, сондай-ақ айырбас бағамының теріс әсерінің төмендеуі есебінен болды.
2021 жылдың II тоқсанында кәсіпорындарда өндіріс қуатының жүктемесі (ӨҚЖ) ұлғайды, ӨҚЖ-нің орташа деңгейі 53,5%-ға дейін (І тоқсанда – 52,1%) болды. Нәтижесінде өндіріс көлемі артты. Диффузиялық индекс (бұдан әрі – ДИ) өсу аймағынан өтіп, 40,5-тен 53,8-ге дейін өсті.
Сонымен қатар нақты секторда дайын өнімге деген сұраныс көрсеткіші 51,1-ден 50,2-ге дейін аздап төмендеді. Индекс тауар өндіру секторында (52,1-ден 51,3-ке дейін), қызмет көрсету секторында (50,1-ден 49,1-ге дейін), тау-кен өндіру өнеркәсібінде (52,6-дан 51,8-ге дейін) және өңдеу өнеркәсібінде
(52,5-тен 51,1-ге дейін) төмендеді.
2021 жылдың II тоқсанында жалпы экономика бойынша кәсіпорындардың дайын өніміне бағаның өсу қарқыны 59,2-ден 61,5-ке дейін өсті. Өңдеу және тау-кен өнеркәсібінде ДИ тиісінше 65,3-ке және 61,8-ге дейін ұлғайды. 2021 жылдың III тоқсанында кәсіпорындар шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқынының төмендеуін күтеді.
2021 жылдың II тоқсанында сұралған кәсіпорындардың 17,5%-ы банкке кредит алуға өтініш беріп, кәсіпорындардың 16,7%-ы (немесе кредит алуға өтініш бергендердің 95,4%-ы) қарыз алды. Кәсіпорындардың басым көпшілігі (84,6%) айналым қаражатын қаржыландыруға (материалдар, шикізат, жартылай дайын өнімдер және т.б. сатып алу) кредит тартты.
2021 жылдың II тоқсанында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, кәсіпорындардың 34,1%-ы Қазақстан экономикасының бүгінгі жай-күйі бизнесті жүргізуге кедергі болып отырғанын айтқан (1-тоқсанда мұндай кәсіпорындардың үлесі 33,9% болды). Басқа негізгі кедергілер нарықтық бәсекелестік (28,9%), сатып алушылар іздеу (22,8%), салық ауыртпалығының деңгейі (22,4%), білікті мамандардың жетіспеушілігі (18,1%), дебиторлық берешекті қайтару қиындығы (12,2%) болып кете береді. Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 8-орында (11,9%) орналасқан.
Вам может быть интересно: «Талибы заявили о мирном подходе к решению ситуации в Афганистане»