Алматы әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

 Бақытжан Сағынтаев сейсмикалық күшейту мен жаңа корпустардың құрылысы аяқталуы тиіс мектептерді тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев И.В. Панфилов атындағы №54 қазақстандық-ресейлік мамандандырылған мектеп-лицейдің ғимаратын сейсмикалық күшейту барысымен танысты. Күрделі жөндеу кезінде 1938 жылы салынған ғимараттың тарихи қасбеті қалпына келтіріліп, ашық спорт алаңы жаңартылды.



Қала басшысы мектептің уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Орбита-1» шағынауданындағы №60 мектеп-гимназияда 600 орынды жаңа ғимарат салынды. Бұл осы мектептегі оқушы орнының тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.

Бұдан өзге, мектеп аумағында жаңарған спорт алаңы салынды. Сонымен, бұрыннан бар спорт залды ескерсек, енді жаңарған мектепте екі спорт зал мен ашық спорт алаңы пайда болды.

Айта кетейік, Алматыдағы 207 жалпы білім беретін мектептің барлығы спорт залдармен 100% қамтамасыз етілген. Сондай-ақ биыл 33 мектеп стадионын қайта қалпына келтіруге 1 млрд теңге бөлінді. Орта білім беру жүйесінде 110 мың баланы қамтитын 3 721 спорт секциясы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында білім беру мекемелерінің 8 спорт алаңы қайта жаңғыртылып жатыр. Бұған дейін мемлекет-жекеменшік бизнес жобасы аясында екі мектептің спорт алаңы жаңарған болатын.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін мектептердің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Денсаулық жағдайына байланысты емделетіндерді қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері 100% вакциналанған.

Дәстүрлі білім беру форматына көшу үшін мектептерде, балабақшаларда, интернаттарда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шаралары жүргізіліп жатыр.

Барлық ұйымдар жуғыш және дезинфекциялық құралдармен, сондай-ақ антисептиктермен жабдықталған.

Сабақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады, оның ішінде термометрия, визуалды тексеру, эфир, кварц бойынша да.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Д. Қонаев көшесі, 127 мекен-жайдағы 3 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығының ғимаратын реконструкциялау жобасымен танысты.

Мұнда туа біткеннен бастап бір жасқа дейін туа біткен және тұқым қуалайтын аурулары бар балалар бақыланып, оңалтудан өтеді. Жобаның басты мақсаты – балалар арасындағы аурушаңдық пен мүгедектікті төмендету.

Қала әкімі Қонаев көшесі, 122 мекен-жайындағы ғимаратты да қарап шықты. Бұрын мұнда қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы орналасқан болатын, басқарма Әлеуметтік қызметтер үйіне көшкен еді.

Енді нысан 18 жастан асқан мүгедектерге арналған көпсалалы оңалту орталығына және аутизмі бар балаларға қолдау көрсету орталығына айналамақ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
768 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить