Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 1,8 мың науқастың жағдайы ауыр
12.08.2021
Коронавирусқа шалдыққан 1,8 мың науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия дерегінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 155 адам коронавирус инфекциясынан (108 954 КВИ+ және 4 201 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 769 пациент стационарда, 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 1 849 адамның жағдайы ауыр,
— 479 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Вам может быть интересно: «Қарағанды облысында қысқы мал азығының 80 пайызы дайын»
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с
ошибкой и нажмите CTRL+Enter
669
просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях: