Асхат Аймағамбетов оқушылар биыл қандай форматта білім алатынын жариялады
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар жаңа оқу жылында қандай форматта білім алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жұмыскерлердің вакцина алуы да ерекше маңызға ие болып, бұл жұмыс ары қарай жалғастырылады. Бұған қоса мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, үзілістер уақытын әр уақытқа белгілеп, «1 сынып — 1 кабинет» жүйесі жұмыс жасайды. Барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады», — деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, жоғарыда аталған шектеулерді сақтай отырып, балабақшалардағы 20-25 баладан аспайтын топтарға штаттық режимде жұмыс істеу ұсынылады.
Өз кезегінде мектептер барлық 1 мен 11-сынып оқушыларына қатаң санитарлық шектеулерді сақтай отырып, оқытуды дәстүрлі форматта жүргізу, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін де дәстүрлі форматта оқыту ұсынылады.
«Әрине, ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын және денсаулығы бойынша тәуекел топтарға жататын білім алушыларға уақытша қашықтан оқыту форматымен білім алуды ұйымдастырамыз», — деді министр.
Вам может быть интересно: «Қарағанды облысында қысқы мал азығының 80 пайызы дайын»