Қазақстанда бір аптада коронавируспен ауырғандар 10 пайызға өсті
Қазақстанда бір аптадағы коронавируспен науқастану өсімі 10 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда бір аптадағы коронавируспен науқастану өсімі 10 пайызды құрайды. ҚР-да дельта штамының анықталуына байланысты шілде айында науқастанудың өсімі тіркелді. Дегенмен,тамыз айының басынан бастап коронавирус инфекциясымен науқастану өсімінің баяулауы және Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 бойында эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы байқалады», — деді министр.
Оның дерегінше, әлемде COVID-19-ға шалдығу және одан өлім-жітімге қатысты ахуал тұрақсыз болып отыр. Бүкіл әлемде КВИ-дің 204 млн жағдайы тіркелген. Күн сайын 500 мың адам ауруға шалдығып жатыр. 4,3 млн адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта Америкада 78 млн. Еуропада 60-млн-нан астам, Оңтүстік-Шығыс Азияда 38 млн-нан астам, Шығыс Жерорта теңізі елдерінде 12 млн-нан астам жағдай тіркелген.
«Дегенмен, соңғы аптада науқастанудың ең жоғары өсімі Жапонияда байқалады. Бұл елде апта ішінде науқастану 98 пайызға, Израилде 75, ал Әзербайжанда 69 пайызға артты», — деді Алексей Цой.
Вам может быть интересно: «Қарағанды облысында қысқы мал азығының 80 пайызы дайын»