Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды

 Жезқазғанда Кеңгір су қоймасының жағалауын санитарлық тазалау бойынша сенбілік өтті. Оған 350 адам қатысты. Сегіз жүк көлігімен қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың қаңтар айында Жезқазған қаласының әкімдігі мен кәсіпорындары, ұйымдары арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Меморандумға қол қойып, олар жағалауды санитарлық тазарту мен көгалдандыруға айтарлықтай үлес қосуға дайын екендіктерін растады. Біздің қазынамыз – Кеңгір бірегей су қоймасына қамқорлық көрсеткендердің барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз», – деп хабарлады Жезқазған әкімдігі.

Сенбілік шектеу шараларын сақтай отырып өткізілді. Қатысушылар топтарға бөлініп, бір-біріне жақын жүрмеуге тырысты. Олар сондай-ақ маскалар мен қолғаптар туралы ұмытпады.

«Кеңгір жағалауының ластануының себебі – сол жерде демалып, қоқыс тастайтын тұрғындардың жауапсыздығы. Құрметті жезқазғандықтар, бұл біздің ортақ игілігіміз деп ойлаңыздар! Біз өз ұрпақтарымызға не қалдырамыз? Өтінеміз, қоқыстарыңызды жинап жүріңіздер!» – деп қала тұрғындарын еріктілер тазалыққа шақырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
721 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить